«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстық семинар «Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің тиімді сабақтастығының шарты ретінде балабақша мен мектеп қызметін синхрондау»

05.05.2026

2026 жылғы 5 мамырда Көкшетау қаласындағы «Нұр бала» бөбекжайында Ақмола облысы білім басқармасының Әдістемелік орталығы «Балабақша мен бастауыш мектеп жұмысының синхрондауы: тәсілдер, мәселелер және шешімдер» тақырыбында облыстық семинар өткізді.
Семинар жұмысына мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, директордың орынбасарлары және мектепалды топ педагогтері қатысты. Іс-шара барысында семинар қатысушыларына педагогтердің кәсіби өзара әрекеттесуін дамытуға, ата-аналарды белсенді тартуға және балалардың мектепте оқуға сәтті бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру аясында «Нұр бала» бөбекжайының жұмысын тиімді ұйымдастыру тәжірибесі таныстырылды. Семинар аясында келесі спикерлер сөз сөйледі: №13 «ЭКОС» орта мектебінің өкілі Абдыкаримова Ж.З. бірлескен жоспарлау мен бейімделу кезеңін ұйымдастыру моделін ұсынды; Кожабергенова Б.Е. («Балдырған» бөбекжайы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы) «Сабақтастық – табысқа жету жолы» жобасын таныстырды; Мырзабаева Ж.О. («Айгөлек» бөбекжайы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы) балабақша мен мектеп жұмысының синхрондалуының тиімді формаларын ашып көрсетті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынылған тәжірибенің жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.

Просмотров: 131


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст