08.05.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес 2026 жылғы 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында Ақмола облысының ауыл мектептері мұғалімдері арасында «Ақмола облысындағы шағын жинақты мектептердегі үздік тәжірибелер» тақырыбында облыстық әдістемелік байқауы өткізілді.
Байқау шағын жинақты мектептер жағдайында білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерін анықтауға, таратуға және қолдауға бағытталған. Байқау педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға, олардың әдістемелік шеберлігін дамытуға және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде заманауи инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді. Білім беру сапасын арттыруға, озық педагогикалық тәжірибемен алмасуға және Ақмола облысының шағын жинақты мектептерінде қолдануға болатын үздік білім беру тәжірибелерінің қорын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Байқау жұмыстарды қарау қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды:
I орын – Копейка Елена Дмитриевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы білім бөлімі бойынша Перекатное ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі;
II орын – Гадысова Маншук Бахирақызы, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы білім бөлімі бойынша Сарыоба ауылы №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ музыка пәнінің мұғалімі;
III орын – Едилипова Дария Маратовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы білім бөлімі бойынша Азат ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия және биология пәндерінің мұғалімі.