«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯСЫ

12.08.2021

2021 жылғы 12 тамызда Ақмола облысында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі шеңберінде онлайн режимінде ағылшын тілі мұғалімдерінің панельдік сессиясы өткізілді.

Панельдік сессия жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті директорының орынбасары Хасенова Мадина Белгібайқызы және 532-ден астам педагог: аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Ағылшын тілі» пәні бойынша Ақмола облысы қауымдастығының төрағалары, сондай-ақ облыс мұғалімдері қатысты.

Сессия жұмысында төңкерілген сынып технологиясы білім беру процесін ұйымдастыру құралы ретінде, АКТ пайдалану арқылы ағылшын тілі сабақтарында танымдық қызметті жандандыру, мәтінмен жұмыс жасау арқылы ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар бойынша ағылшын тілі мұғалімдері Шапенова Гаухар Кабдешовна, Айнышева Миргуль Жумабаевна, Бутьковец Светлана Ивановна, Хасенова Адия Мадиевна өз тәжірибелерімен бөлісті.

Ағылшын тілі мұғалімдерінің панельдік сессиясы жұмысының қорытындысы бойынша жаңа оқу жылына арналған қызметтің басым бағыттарын айқындайтын ұсыныстар талқыланып, қабылданды.

Құрметті әріптестер! Сіздерге жаңа оқу жылында жоғары нәтижелер тілейміз! Мықты денсаулық, амандық және табыс тілейміз! 

/public/files/2021/8/12/120821_192109_rekomendacii.docx 

/public/files/2021/8/12/120821_192128_shapenova-presentation-2021-22-august.pptx 

/public/files/2021/8/12/120821_192143_hasenova-amavgustkonferenciya-1.ppt 

https://prezi.com/view/7qxQLwbbwxhZ8jDyi7xc/ 

Просмотров: 305


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст