2021 жылғы 16 тамызда Ақмола облысында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі аясында онлайн режимінде «Педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру-заманауи маманды даярлау» тақырыбы бойынша әдістемелік қызмет қызметкерлерінің сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысына 90-нан астам педагог қатысты: облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, колледждердің әдістемелік қызметінің қызметкерлері. Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ әдіскері Жумажанова С.Б. колледждерде білім беру үдерісін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттармен таныстырды.
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Батанасова Б. Е., Көкшетау қаласы, құрылыс-технологиялық колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Искакова Г. К., Степногорск қаласы, жоғары колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Ерещенко Н. В., Көкшетау қаласы, азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Перешивкин И. В. секцияда өз тәжірибелерімен бөлісті.
Отырыс қатысушылары 2021-2022 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздері, колледжде жас педагогтермен әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқытудың білім беру процесіне инновациялық, цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және қорыту мәселелерін талқылады.
Әдістемелік қызмет қызметкерлері сессиясының қорытындысы бойынша облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің басым бағыттарын айқындайтын ұсынымдар талқыланды және қабылданды.