2021 жылғы 16 тамызда Көкшетау қаласында онлайн режимінде Ақмола облысы шағын жинақты мектеп директорларының секциясы өтті.
2021-2022 оқу жылының ерекшеліктері және ауыл мектептерінің білім алушылары үшін білім сапасын арттыру бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академияның ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Мукушева Алмагүл Наурызбайқызы сөз сөйледі.
Ж. Мусин атындағы Көкшетау қаласындағы жоғары Қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар Академиясының мүшесі Төлеген Өмірбек Шаймұратұлы шағын жинақты мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыруда саралап оқыту технологиясы туралы айтып берді.
Шортанды кентінің №3 ОМ (2019 жылы республикалық конкурсында "Үздік ресурстық орталық") ауыл мектептері оқушыларының білім сапасын арттыру бойынша нәтижелі жобаларды іске асырды. Мектеп директоры Анесий Азамат секция жұмысына қатысушыларды ұжымының жетістіктері және жаңа оқу жылында мектепке енгізілетін "Өндірістегі 10 күн" атты жаңа жобамен таныстырды.
Сондай-ақ секция жұмысында мектептің жұмыс тәжірибесімен алмасып сөз сөйледі: Атбасар қ. №8 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Р. Н. Смағұлова, Біржан сал ауданы Қызылұйым ауылы негізгі мектебінің директоры А. К. Ерубаева.
Секция жұмысы барысында сұрақтар мен ұсыныстар диалог форматында ұйымдастырылып, секцияға қатысушыларымен қызу талқыланды.