«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы облыстық тамыз конференциясы шеңберінде «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру бағдарламасының білім беру кеңістігіндегі шешуші рөлі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар секция отырысы

19.08.2021

2021 жылғы 19 тамызда облыстық тамыз кеңесі аясында онлайн режимде «Білім беру кеңістігіндегі «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік  білім беру бағдарламасының негізгі рөлі» тақырыбында секция отырысы өтті.

Секция отырысының жұмысына «Өзін-өзі тану» пәніне жетекшілік ететін қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің қазақ және орыс тілдерінде оқытатын «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, пилоттық ұйымдардың қазақ және орыс тілдерінде оқытатын «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Ақмола облысы қауымдастығының педагогтері қатысты.

Секция қатысушыларымен «Өзін-өзі тану» пәнінің өскелең ұрпаққа әсері, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының оқу-тәрбие үрдісіне интеграциялау, сабақты жоспарлау ерекшеліктері, «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарында оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің түрлерін іздеу және әзірлеу сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

«Өзін-өзі тану» пәнін және басқа да білім беру салаларын интеграциялау, жалпыадамзаттық құндылықтарды оқудан тыс қызметке, қосымша білім беруге, ата-аналармен жұмысқа енгізуді жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі жалпыадамзаттық құндылықтарды бірыңғай білім беру кеңістігіне интеграциялау болып табылады.

Осы мәселелер бойынша Бурабай ауданының білім бөлімінің әдіскері Марандина Елена Юрьевна және Астрахан ауданы Новый Колутон жалпы білім беретін мектебі «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Стрижак Ирина Александровна маңызды ақпарат берді.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын қолдану арқылы тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылындағы № 41 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Имамбекова Роза Нурлановна бөлісті.

Секция отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 575


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст