«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай конкурсын өткізу туралы ақпарат

23.09.2021

«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы»

облыстық сырттай конкурсын өткізу туралы ақпарат

 

Отбасы-баланың дамуы мен қалыптасуындағы маңызды буын. Облыстың білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы барлық тараптардың: отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамның кең түрде қатысуымен кешенді түрде жүргізіледі. «Отбасы – мектеп» тәрбие жобасында жалпыұлттық құндылықтарды іске асыру отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы мен өзара қарым-қатынасына бағытталған.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Ақмола облысының білім беру мекемелері арасында «Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық сырттай конкурсы  өтті. Аталған іс-шараға 17 аудандық( қалалық) білім бөлімдерінен аудандық кезеңнің жеңімпаздары қатысты. Конкурс екі турдан тұрды: отбасылық клуб қызметінің презентациясы бар портфолио; отбасылық құндылықтар, шығармашылық конкурстар мен көрмелер туралы бейнеролик.

Облыстық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды :

1 орын – Жақсы ауданы, А. Әбдірахманов атындағы орта мектебінің «Нұршуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;

2 орын – Ерейментау ауданы, Еркіншілік орта мектебінің «Күншуақ» отбасылық қарым-қатынас клубы;

2 орын – Көкшетау қаласы, №6 мектеп-лицейінің «Радость общения» отбасылық қарым-қатынас клубы ;

3 орын – Атбасар ауданы, Шу орта мектебінің «Ұрпақ» отбасылық қарым-қатынас клубы ;

3 орын – Аршалы ауданы, Ж. Тәшенов атындағы орта мектебінің «Мерейлі отбасы» отбасылық қарым-қатынас клубы;

3 орын - Сандықтау ауданы, Приозерное а. орта мектебінің «Біз біргеміз» отбасылық қарым-қатынас клубы.

«Отбасылық қарым-қатынас клубының үздік ұйымы» облыстық қашықтық конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтаймыз және отбасы құндылықтарын нығайту бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыста шығармашылық табыстар тілейміз.

Просмотров: 338


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст