Тілдер мерекесіне орай педагогтердің, балалар мен ата - аналардың қатысуымен мектеп жасына дейінгі балаларды көркем сөз арқылы туған елінің тарихына деген мақтаныш, құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатымен және мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттері мен сөйлеу белсенділігін дамыту, өлең оқу кезінде көркем-сөйлеу орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, ата-аналар қауымдастығын білім беру қызметіне тарту, бала тәрбиесінде ата-ана мен педагог арасындағы байланысты нығайтуға ықпал ету міндеттерімен «Ана тілің - арың бұл» атты өлеңдер, ертегілер, әңгімелерді мәнерлеп оқу челленджі республикалық сырттай байқауы ұйымдастырылып өткізілді.
Байқауға меншік нысанына, тәрбие мен оқыту тіліне қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың 3 жастан 5 (6) жасқа дейінгі балалар қатысты. Челлендж барысында ҚР ақындарының жеке шығармалары, сондай-ақ шығармалардан үзінділер пайдаланды.
Челлендждің республикалық кезеңіне 15 өңірден 40 жұмыс (жеңімпаздардың орындауымен бейнежазба)бағаланды. Байқау ережесінің талаптарына сәйкес 22 жұмыс іріктеуден өтті. Конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы «Нұр бала» балабақшасының тәрбиеленушісі Шубаба Данил «Жеті жұрттың тілін біл» номинациясына ие болды.
Жеңімпазымызды құттықтаймыз!