Биылғы жылы алғаш рет колледж педагогтері арасында салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурсы өткізіледі.
Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, облыстық кезеңнің ұйымдастырушылары білім басқармасы және оқу-әдістемелік кабинеті болып табылады.
Кәсіби конкурстарды өткізу педагогтерге өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге, тәжірибе алмасуға, жабдықтардың әртүрлі түрлерінде жұмыс істеу дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.
Конкурстар Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі, құрылыс-технологиялық колледжі базасында өтеді.
Бүгін, арнайы пәндер оқытушылары мен колледждердің өндірістік оқыту шеберлері «Қызмет көрсету саласы», «Көлік және байланыс» бағыттары бойынша сайысқа түседі.
Конкурс халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес, модульдер бойынша өтеді. Қатысушылар тест сұрақтарына онлайн форматта жауап береді, содан кейін практикалық тапсырмаларды орындайды.
Мұндай конкурстар педагогтерді ынталандырады, кәсіптік оқыту ұйымдары педагогтерінің біліктілік деңгейі мен еңбегінің беделін арттырады.
ООӘК ТжКББ бөлімі