Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы 29 қазан күні онлайн форматта оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында облыстық вебинар өтті.
Жұмыс барысында вебинарға қатысушылар Қазақстан Республикасы оқушыларының функционалдық сауаттылығы саласындағы халықаралық зерттеулердің нәтижелерімен, оқушыларды бағалау және дайындау, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістерімен танысты.
Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері өз баяндамаларында білім беру үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуде ұсынылған материалдардың практикалық маңыздылығын атап өтті.
Семинар аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын мақсатты және жүйелі қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру жолдары белгіленді.