2021 жылғы 3-4 қараша күндері ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе отырып, Өскемен қаласындағы № 46 орта мектеп базасында «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау.
Педагогикалық олимпиадаға Қазақстанның барлық өңірлерінен 95-тен астам мұғалім қатысты. Ақмола облысының атынан облыстық кезеңнің 5 жас педагог жеңімпазы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Атбасар қаласы, «№ 5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ география пәнінің мұғалімі Бахтияр Уразымбетович Матчанов ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2 дәрежелі дипломымен марапатталды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен үш педагог марапатталды:
Олимпиаданың барлық қатысушыларына «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасына қатысқаны туралы сертификаттар берілді.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!