«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тіліне бойлау

20.12.2021

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары орталығының филиалы Көкшетау қаласындағы №7 «Айша» балабақшасының базасында республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында қазақ тіліне бойлау практикасы контексінде «Қазақ тіліне бойлау жобасын іске асырудың әдістемелік негіздері мен жолдары» тақырыбында семинар-мониторинг өткізді.

Көкшетау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың №7 «Айша»  балабақшасы және №5 «Қуаныш» балабақшасының педагогтері билингвалды компонент, театрландырылған әрекет, мнемотехника мен дидактикалық ойындар сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді және сөйлеу технологияларын пайдалана отырып, практикалық сабақтарды көрсетті, одан кейін педагогтер семинарға қатысушыларды әзірленген бағдарламалармен, материалдармен таныстырды.

       Семинар-мониторинг жұмысы барысында педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, Ақмола облысында қазақ тіліне бойлау жобасын іске асырудағы инновациялық білім берудің өсу нүктелерін айқындау мәселелері бойынша НЗМ АҚ білім беру бағдарламалары орталығының аға менеджері Жанат Башариновна Кажигалиеваның  дәрістері мен ұсынымдары тыңдалды.

Просмотров: 481


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст