🔹️Бүгінгі отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан жағдайды талдай отырып, болашақ міндеттер мен одан әрі дамудың жаңа перспективаларын, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін реформалар жүргізу қажеттілігін атап өтті. Мемлекет басшысының мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын қайта қарау жөніндегі алға қойған міндеттері халық үмітінің орындалуының оң серпінін көрсетеді.
Маңызды жобалардың бірі «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру болып табылады, оның шеңберінде балаларды емдеуге және әлеуметтік жоспардың басқа да мәселелеріне көмек көрсетілетін болады.
Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету сөзсіз басымдық болып белгіленген. Президент мұғалімдер тапшылығы бар өңірлер үшін қолдау шараларының тиісті пакетімен үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ел аумағында танымал жоғары оқу орындарының кемінде 5 филиалын ашу қажеттілігін, сондай-ақ бірқатар өмірлік маңызды міндеттерді атап өтті. Осындай міндеттердің бірі инженерлер мен өнеркәсіпшілердің жаңа буынын даярлау туралы мәселені белгілеу болды. Елдегі қайта өңдеу өнеркәсібін және кадрлық әлеуетті дамыту жөнінде міндет қойды. Ел экономикасы үшін инженерлерді даярлаумен отандық оқу орындары да, Ресейдің және басқа елдердің жетекші білім беру орталықтарының филиалдары да айналысатын болады. Мұндай шараны іске асыру елдегі білім беру сапасының өсуін, жастардың отандық экономикада жұмысқа орналасу деңгейін арттыруды көздейді.
Қазіргі уақытта біздің қоғам мемлекет басшысының шешімдерін жүзеге асыру үшін бірігіп жұмыс істеуі қажет. Біз бірге күшпіз. Біз бірге барлық қиындықтарды еңсеріп, көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Тек бірлікте ғана біз табысқа және өркендеуге қол жеткіземіз!
Л. Курмангалиева, Ақмола обл ысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры