Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де-бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Абай Құнанбаев
Жас ұрпақтың санасына «парасатты, мейірімді, мәңгілікті» тек ұлағатты ұстаз болуға тырысатын тұлғалар дарытады.
Дарынды оқытушыларды қолдау, педагогикалық мамандықтарды танымал ету мақсатында Ақмола облысы білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 15-16 ақпан аралығында Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кәсіби шеберлік конкурсы өткізіледі.
Конкурс педагогтерге теориялық және практикалық дайындықтарын көрсетуге, білім беру процесінде жаңа инновациялық тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Облыстық кезеңнің жеңімпазы республикалық педагогикалық шеберлік конкурсында Ақмола облысының намысын қорғайтын болады.
Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.