«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Функционалдық олимпті бағындыру» функционалдық сауаттылық бойынша онкүндік

20.02.2022

Функционалдық сауаттылық адамдарға қолда бар ақпарат қорын пайдалануға, оны іс жүзінде қолдануға жән еөмірдің күрделі мәселелерін шешуге көмектеседі.

Бүгінде ол қоғамды қәл – ауқаттыңмаңызды индикаторына, ал оқушылардың функционалдық сауаттылығы-білім беру сапасының маңызды көрсеткішіне айналды.  Сондықтан, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында Ақмола облысының педагогтеріне арналған оқыту вебинарларының онкүндігі өткізілді.

2022 жылғы 15-16 ақпан күндері өткізілген вебинарлар барысында келесі тақырып тарталқыланды:

«Оқушылардың креативті ойлауын дамыту» Искакова Майра Исполовна, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері.

«Химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты арттыру тапсырмаларын қолдану» Абдильдина Ардак Саденовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Ақсу кентінің № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ, химия пәнінің мұғалімі

«Шығармашылық ойлау-бұл жетістікке жетелейтін инновациялық процесс» Аманкелди Айжан, Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейі КММ», информатика мұғалімі.

«Оқушылардың креативті ойлауын дамыту» Адильбекова Салтанат Рустемовна, Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренері.

«Жалпы білім беретін мектеп түлектерін қорытынды (аралық) аттестаттауға дайындау үшін оқу сауаттылығын қалыптастыру» Жумабекова Айслук Шаймухановна, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Жібек жолы ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ,  орыс тілі мұғалімі

«Биология сабағында оқушылардың креативті ойлауын дамыту» Кинцель Александр Евгеньевич, «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясы» КММ, биология мұғалімі.

Онкүндік барысында Ақмола облысының педагогтері оқушылардың математикалық, жаратылыстану-ғылыми, оқу сауаттылығын және креативті ойлауын дамыту бойынша үлкен көлемде ақпарат алд ы. Көкшетау қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының тренерлері функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған интерактивті тапсырмаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар берді, ал практика мұғалімдері осы тапсырмаларды жалпы білім беретін пәндер сабақтарында қолдану тәжірибелерімен бөлісті. Онкүндік барысында Ақмола облысының 500-ден астам мұғалімі өз білімі мен тәжірибесін толықтырды.

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст