«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПЕДАГОГТЕРІ ҮШІН СЪЕЗД ӨТКІЗІЛДІ

27.02.2022

25 ақпанда Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтері үшін "Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі" тақырыбында съезд өткізілді.

Съезд жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, балаларды ерте жастан дамыту институтының мамандары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімдерінің басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының жауапты мамандары, облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бөлімдерінің мамандары, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері, жоғары оқу орындарының, колледждердің, біліктілікті арттыру институттарының мамандары, "Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры" Қоғамдық Қоры филиалының, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкіметтік емес ұйымдардың және баспалардың өкілдері. Барлығы 300-ден астам адам қатысты.

Съезд 2 кезеңде өтті: секциялар жұмысы және пленарлық отырыс. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде төрт секция ұйымдастырылды: " Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ғылыми негіздеу және қолдау", " Сапа өлшемшарттары және менеджмент", " Ойын - баланың негізгі  әрекеті және дамытудың негізгі құралы ", " Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі".

Сондай-ақ, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамытудың инновациялық технологиялары»  тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Съезд жұмысында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту бағыттары, мектепке дейінгі білім беру педагогтарының кәсіби және тұлғалық өсуі, мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы және басқалар талқыланды.

Қатысушылар съездің тақырыбына сәйкес пікір алмасты. Өткізілген диалог барысында педагогтар көкейіндегі сұрақтарын қойып, оларға толық жауап ала алды.

Соңында Асхат Аймағамбетов съезд жұмысын қорытындылады.

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст