БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелді, 2016 жылғы 28 қыркүйектегі «Әділет» Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (сөйлеу тілі жалпы дамымаған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (көру қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (есту қабілеті бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (зерде бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі бар (тірек-қимыл аппараты бұзылған) балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес ерекше білім беруге қажеттілігі (дамуында күрделі бұзылыстары) бар балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасында:
оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 12 тамыздағы
№ 499 бұйрығына 1-қосымша»;
осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6 - қосымшаларға сәйкес 2, 3, 4, 5, 6 және 7 - қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасыны
Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев