Болашақ кәсіби қызметті таңдау барысында оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында 2019 жылғы 4-5 ақпан аралығында Шортанды ауданына әдістемелік шығу ұйымдастырылды. Шортанды №1 орта мектебінің базасында аудан мектептерінің үйлестірушілері үшін кәсіби ақпараттық кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына педагогтар, психологтар және сынып жетекшілері қатысты және Шортанды ауданында екінші жартыжылдыққа кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар талқыланды. Ақпан айына аудан кәсіпорындарына оқушылармен бірлескен экскурсиялар қаралып, жоспарланды. Білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар беру жұмысы кабинеттері жұмыс істейді, ата-аналар үшін ТжКБ және жоғары оқу орындары туралы ақпараттық стендтер орналастырылған. Шортанды № 2 орта мектебінің психологы Л. В. Репринцева өз баяндамасында орта және кіші буын оқушыларының кәсіптік бағдарына қатысты мәселелерді айтты. Кеңес барысында №3 орта мектептің үйлестірушісі Кадир Лаура қатысушыларды әр оқушы өз қызығушылықтары мен бейімділіктерін толық тауып, қоғамдық өндіріс жүйесінде өз орнын іздеуде уақытты, күш-жігерді, құралдарды жоғалтпауы үшін жұмыс түрлерімен таныстырды.