Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-сі 2019 жылғы 28 қаңтар мен 28 ақпан аралығында Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің физика және информатика пәні мұғалімдері арасында «Педагогикалық идеялар вернисажы» облыстық сырттай педагогикалық шеберлік конкурсын өткізді.
Педагогикалық шеберлік конкурсы жаңартылған білім беру мазмұнын оқытудың инновациялық әдістемелерін әзірлеу және қолдану бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жалпылау және таратуға, сондай-ақ оқушыларды оқыту сапасын жақсарту мәселелерінде педагогтардың белсенділігін ынталандыратын қолайлы ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Конкурс үш бағытта өткізілді:
1.Педагогикалық инновациялар;
2.Оқытылатын пәндер бойынша оқыту мен тәрбиелеудің көрнекі дидактикалық құралдары;
3.Оқу-әдістемелік жинақ.
Конкурсқа облыстың 36 физика және информатика пәні мұғалімі қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі түрде физика мұғалімдері арасында бөлінді.
1 орын– Кудайбергенов Жанат Аманжолович, Бурабай ауданының «Баянбай ауылының орта мектебі» ММ-нің физика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны –
30 ұпай;
2 орын –Тенсель Бердгуль, Бұланды ауданының «Балуан Шолақ атындағы орта мектеп-лицейі» КММ-нің физика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 29 ұпай;
2 орын – Щельникова Оксана Владимировна, Бұланды ауданының «№ 3 Макинка орта мектебі» КММ-нің физика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 29 ұпай;
3 орын –3 орын – Кунгурцева Надежда Александровна, Бурабай ауданыны «А.С.Куницы атындағы Николаевка орта мектебі» ММ-нің физика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 25 ұпай;
3 орын – Әлмеш Бекмұрат, Бурабай ауданының «Щучинск қаласының № 9 орта мектеп-гимназиясы» КММ-нің физика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 23 ұпай;
3 орын – Полухина Наталья Валентиновна, Атбасар қаласы «Средняя школа №2 орта мектебі» КММ-нің физика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 20 ұпай.
Информатика пәні мұғалімдері арасында:
1 орын – Орешина Ирина Дмитриевна, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы
«№ 10 жалпы үлгідегі орта мектеп-интернаты» КММ информатика пәнінің мұғалімі, жалпы ұпай саны - 25 ұпай;
2 орын– Куриленко Евгений Николаевич, Бұланды ауданы «Тоқтамыс орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 24 ұпай;
2 орын– Калкатова Шинар Аскаровна,Степногорск қаласы «Заводской к. орта мектебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 23 ұпай;
3 орын – Кантарбаева Алия Сайлауовна, Жақсы ауданының «№ 1 Жақсы орта мектебі» КММ-нің информатика пәні мұғалімі, жалпы ұпай саны - 22 ұпай;
3 орын – Ергалиева Жанна Ванхаровна, Кравченко Дмитрий Владимирович,
Атбасар қаласы «№2 орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімдері, жалпы ұпай саны - 21 ұпай;
3 орын – Маштиева Баян Зиядиновна, Зеренді ауданы «Ақкөл орта мектебі» КММ информатика пәні мұғалімдері, жалпы ұпай саны - 21 ұпай.
Атбасар, Астрахан, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандары мен Степногорск қаласының педагогтары белсенді қатысты.
Ақкөл, Аршалы, Біржан сал, Егіндікөл, Есіл, Қорғалжын, Шортанды аудандары қатысқан жоқ.