1. Жалпы ережелер
Осы Ереже «Ханталапай» республикалық (сырттай) байқауының меншік нысанына қарамастан барлық үлгідегі және түрдегі мектепке дейінгі ұйымдар арасында ұйымдастыру тәртібі мен шарттарын анықтайды.
Байқау Қазақстан Республикасы Білім 2019 жылға арналған жоспарына сәйкес өткізіледі.
Мақсаты: ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын дамытуға, қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен танысуға ықпал ету.
Міндеттері:
- балалардың дағдыларын, танымдық белсенділігін арттыру;
- топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
- мақсатқа жетуде белгіленген ережелерді сақтау дағдыларын қалыптастыру;
- Отанына, еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
2. Байқаудың ұйымдастыру комитеті
Байқаудың ұйымдастырушылары «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы, аудандардың, Степногорск, Көкшетау қалаларының білім бөлімдері, мектепке дейінгі ұйымдар болып табылады.
3. Байқау материалдарын өткізу және ұсыну тәртібі
Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін барлық кезеңдерде қазылар алқасының құқықтары берілген байқау комиссиясы құрылады
Байқау үш кезеңде өткізіледі:
1 – аудандық (қалалық);
2 – облыстық;
3 – республикалық.
Байқау комиссиясының құрамына ұйым басшылары, жоғары білікті педагогтар, әдіскерлер, ата-аналар қауымдастығының өкілдері және т.б. кіреді.
Байқау комиссиясының мүшелері ұсынылған материалдарды зерделейді, байқаудың келесі кезеңдеріне қатысу үшін жеңімпаздарды анықтайды.
Байқаудың облыстық кезеңіне қатысушыларды тіркеу үшін Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне келесі байқау материалдарын ұсынуы тиіс:
1) аудандық, Степногорск, Көкшетау қалаларының білім бөлімдерінің ілеспе хаты;
2) қоса берілген нысанға (1-қосымша) сәйкес байқауға қатысуға өтінім;
3) қоса беріліп отырған нысанға сәйкес байқау қорытындысы бойынша ақпарат (2-қосымша);
4) ойын барысы бойынша түсірілген бейнетаспа;
5) ойынның қызықты сәттері бейнеленген фотоколлаж;
6) әрбір ауданнан, Степногорск, Көкшетау қалаларынан екі жеңімпаздан артық емес (jpeg форматында сканерленген кәсіби фото).
Білім бөлімдері байқауға қатысу үшін өтінімді Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне 2019 жылдың 12 наурызына дейін do_umk@mail.ru электрондық поштасына ілеспе хатпен бірге жіберуі тиіс. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен материалдар қаралмайды, сондай-ақ қайтарылмайды.
4. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар мен шарттар
Байқау мектепке дейінгі ұйымдардағы ересек топтың балалары арасында өткізіледі. Ойынға мектепке дейінгі ұйымдағы 4-6 (7) жас аралығындағы балалар қатысады. Ойынға қатысушы бала саны: 7-10.
Байқау «Ханталапай» ұлттық асық ойыны әр балабақшада ұйымдастырылып өткізіледі.
Ойынды жүргізуші мектепке дейінгі білім беру мамандығына ие, баланың жас ерекшелік психологиясын толық меңгерген, ойын ережесін жетік білетін, проблемалық жағдаяттарды шешуге бейім педагог болуы тиіс.
Байқауды өткізетін орын балалардың өмір қауіпсіздігі талабына сәйкес жабдықталуы тиіс. Ойын барысында қойылатын сұрақтар ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамызға байланысты болуы тиіс. Ойын шарты ептілікті, дәлдікті, мергендікті талап етеді.
Ойынға қажетті заттар: ұлттық нақышта безендірілген ойын бөлмесі: (оюлы текемет, сырмақ, алаша, т.б.), қой малының асықтары, ұлттық оюмен өрнектелген қоржын, алдын-ала дайындалған тапсырмалар.
Ойынды ұйымдастыруға бөлінетін уақыт – 3 мин
- ойын ережесімен таныстыру;
- балаларды шеңбер тәрізді отырғызу;
- балалардың көңіл-күйін ойынға бейімдеу;
- ойын басталатынын жариялау.
Ойынды жүргізуге бөлінетін уақыт – 25 мин
Ойын ережесі. Ойын жүргізуші: «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» деп балалармен бірге қайталап, олардың көңілін өзіне баулиды және қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады.
Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтарды таласып бөліп алады. Жинаған асықтарын санайды. Әр бала ойынға 5 асықтан тігіп, оларды көздеп атады. Хан асығы қолына түскен бала алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарын ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес интеллектуалдық тапсырмалар алдын-ала дайындалады. Тапсырмаға дұрыс жауап берген бала асық атуға мүмкіндік алады. Екінші рет тигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты ату кезегі дұрыс жауап берген балаға беріледі. Осылайша ойын жалғаса береді.
Ойын соңында әр бала ұтқан асықтарын санайды.
Қорытындысында өзінің ептілігімен, тапқырлығымен, сұрақтарға дұрыс жауап беріп, білімімен көп асық жинаған жеңімпаз балалар «Алғыр бала», «Мерген бала», «Зерек бала» номинациялары бойынша марапатталады.
5. Бағалау критериялары
Бейнетаспа:
- ойын шартының ашылуы (педагогтің ұйымдастыру шеберлігі);
- ойын мазмұнының ашылуы (сөйлеу мәнері, көрнекі құралдардың қолданылуы);
- видеоның сапасы;
- ойын өткізу орнының талапқа сәйкестігі (ұлттық құндылықта безендірілуі).
Фотоколлаж:
- көркем безендірілуі;
- фотоның сапасы;
- сюжеттің ойын мазмұнына сәйкестігі;
- фотоколлаж құрастыруда шығармашылық таныту.
6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Әрбір кезеңнің әділқазылар алқасы келесі жүлделі орындарды анықтайды:
- «Ең үздік бейнетаспа» номинациясы бойынша:
- Бас жүлде
- I орын
- II орын
- III орын
- «Ең үздік фотоколлаж» номинациясы бойынша:
- Бас жүлде
- I орын
- II орын
- III орын
Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады.
Байқаудың қорытындылары мен жеңімпаздардың байқауға ұсынылған материалдары Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің oumk.agmoedu.kz сайтында жарияланады.
Байланыс телефон:8 (7162) 42-12-36
1-қосымша
____________________аудан/қала бойынша
«Ханталапай» облыстық (сырттай) байқауына
қатысу үшін өтінім
№
|
МДҰ толық атауы
|
Қатысушылар саны |
Жеңімпаз туралы мәлімет
|
Жауапты педагогтың аты-жөні |
|
Баланың аты-жөні |
Жасы |
||||
|
|
|
|
|
|
2- қосымша
____________________аудан/ қала байқауының қорытындысы бойынша ақпарат
Байқауға қатысқан МДҰ саны |
Байқау қатысушыларының саны |
Жеңімпаздар туралы мәлімет (баланың аты-жөні, жасы) |
Жауапты педагогтың аты-жөні |
|
|
|
|
|
|
|
|
*Ескерту: өткізілген Байқау бойынша кестемен бірге педагогтар мен ата-аналардың пікірлері мен ұсыныстары бар толық мәтіндік ақпаратты ұсыну қажет.