«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Келешек-2030" баспа үйінің оқулықтарын талқылау бойынша семинар

26.03.2019

     2019 жылғы 26 наурызда Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілді білім беретін бейіндік мектеп-гимназия базасында облыстық оқу-әдістемелік кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен математика және көркем еңбек мұғалімдері үшін облыстық семинар өтті.

     Іс-шараға Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің 74 педагогы қатысты.

    Семинар тақырыбы 9 сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің ерекшеліктері жаңартылған білім беру мазмұнын сапалы енгізу шарты ретінде».

«Келешек – 2030» баспа үйімен жалпы білім беретін мектептерінің 9 сыныптары үшін оқулықтар, электрондық қосымшалар, әдістемелік нұсқаулықтар, есептер мен тест тапсырмаларының жинақтары бар «Алгебра», «Геометрия», «Көркем еңбек» (қыздар мен ұлдарға арналған нұсқалар) оқу-әдістемелік кешендері әзірленді және ұсынылды.

Семинарда «Келешек -2030» баспа үйінің өкілдері: директорлар кеңесінің төрағасы – Бексултанова Кукаршин Нурмаганбетовна, жылжыту бойынша менеджер– Маркевич Светлана Сергеевна, редакторлар –Халелова Ризагуль Турлыбековна және Алибеков Саят Шукурлюкович сөз сөйледі.

Осы іс-шара аясында жеке оқу пәндері бойынша секциялар жұмысы ұйымдастырылды, оның барысында мұғалімдер 9 сыныптарға арналған жаңартылған білім беру мазмұнының оқулықтары бойынша ұсыныстар берді.

Семинарда №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының математика пәні мұғалімі Колубекова Ольга Ивановна алгебра және геометрия бойынша базалық деңгейдегі жаттығуларды жазуға және оқулықтарды сараптауға белсенді қатысып, әріптестеріне осы әдістемелік кешеннің оң факторлары туралы айтып берді.

Семинар қорытындысы бойынша жаңа буын оқулықтарын жетілдіру мәселелері талқыланды, баспа тарапынан мұғалімдер ұсыныстарын ескеріліп, аталған іс-шараға қатысушыларға сертификаттар берілді.

Электронды оқулықтармен жұмыс істеу үшін Келешек - 2030 баспа үйі сілтемелерді ұсынды  http://expert.keleshek-2030.kz.

Просмотров: 1753


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст