«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының педагог қызметкерлері Мәскеу қаласында өткен ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

28.03.2019

2019 жылғы 21-23 наурызда Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінде және «Большая перемена» қайырымдылық қорының оқу кешенінде «Әлеуметтік серіктестік: білім беру субъектілерін педагогикалық қолдау» атты 7 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. «Большая перемена» қайырымдылық қоры қызметінің мақсаты жетімдерге өз бетінше еркін дамуына, басқа адамдармен өзара іс-қимыл жасай білуге және өз шешімдері мен іс-әрекеттеріне жауап беруге көмек көрсету болып табылады.

Конференцияға Ресей Федерациясының 20 аймағынан, Белоруссиядан, Қазақстаннан, Литвадан, Финляндиядан келген ғалымдар мен педагогтар қатысты. Ақмола облысынан Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты М.У. Ибраев және педагогика ғылымдарының кандидаты, Көкшетау мемлекеттік университетінің әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы кафедрасының доценті Б.В. Крамаренко қатысты. Олар «Қазақстан Республикасында жетім балалармен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыстың тұжырымдамалық және практикалық негіздері», «Оқытудың коллаборативті ортасы – өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру факторы» тақырыптары бойынша баяндама жасады.

Секциялық отырыстарды өткізу барысында қазақстандық делегацияның өкілдері сарапшы ретінде жұмысқа тартылды.

Конференцияда жетімдерді әлеуметтік-мәдени оңалтудың тиімді технологияларымен алмасу болды; түрлі елдердің ғалымдары мен педагог-тәжірибелері әлеуметтік әріптестіктің жалпы құндылықтары мен мағынасын анықтады.

 

Просмотров: 565


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст