«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық семинар-практикум

03.04.2019

Щучинск қаласында республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2019 жылғы 28-30 наурыз аралығында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының мамандарының ұйымдастыруымен «Оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологияларды енгізу арқылы көптілді білім беруді жүзеге асыру» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтті. Оған 150 адам қатысты.

Қатысушылар құрамына Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, Ш. Уәлиханов атындағы КМУ, «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС профессорлық-оқытушылық құрамы, ПШО, Көкшетау қ. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының қызметкерлері, облыстық және аудандық әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің директорлары мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, физика-математикалық бағыттағы НЗМ мұғалімдері кірді.

 Семинар-практикумның мақсаты - көптілді білім беруді оқу-тәрбие үдерісіне енгізуді қарастыру және қазіргі үш тілді білім беру мәселелерін еркін талқылау.

Бірінші күні іс-шара пленарлық және секциялық бөлімдерден тұрды, онда Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Сартаева Бибігүл Кеңесқызы, «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС бас директоры Игенбаев Әлімжан Бекежанұлы, Көкшетау қ. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы CLIL тренері Қабдушева Әлия Жұмаділқызы және т. б. баяндамалар жасады.

Екінші күні педагогикалық тәжірибені тарату үшін ғылыми-жаратылыстану бағыттағы пәндері бойынша республиканың жалпы білім беру мекемелерінің педагогтарының панорамалық сабақтары өткізілді.

Үшінші күн оқу-тәрбие үдерісіне көптілді білім беруді тиімді енгізу ұсынымдарын әзірлеуге және сертификаттарды табыстауға арналды.

Семинардан бөлек семинарға қатысушылар үшін саяхат, әдеби-музыкалық кеш және т.б. іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл семинар өнімді және мазмұнды болды. Секциялар шеңберінде педагогтар ұсынған материалдар мектептерге қажетті теориялық және практикалық білімдері, дағдылары мен қабілеттері бар оқушылардың көптілді тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі.

Просмотров: 706


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст