«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі – сапалы мектепке дейінгі тәрбие алу үшін мүмкіндіктерді айқындайтын тұжырымдамалық құжат» тақырыбында облыстық оқыту вебинар туралы ақпарат

04.04.2022

        Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің қауымдастығымен бірлесіп 2022 жылғы 31 наурыз күні онлайн форматта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту контексінде мектепке дейінгі ұйым педагогтерінің жалпы кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі – сапалы мектепке дейінгі тәрбие алу үшін мүмкіндіктерді айқындайтын тұжырымдамалық құжат» облыстық оқыту вебинарын өткізді.

    * Вебинар барысында тәжірибелі педагогтер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудағы ойынның рөлі, пәндік дамыту ортасын құру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті, сондай-ақ мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің перспективалық және тиімді тәжірибесі жөніндегі мәселелер талқыланды.

    *    Оқыту вебинарының жұмысына аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, аудандық және қалалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері, тәрбиешілері және 100-ден астам педагог қатысты.

   *     Вебинар қорытындысы бойынша ұсынымдар талқыланып  қабылданды.

Просмотров: 350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст