«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"МЕКТЕПТЕГІ ТАРИХИ БІЛІМ: ЖАҒДАЙЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ, БОЛАШАҒЫ" ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ

04.04.2022

2022 жылғы 01 сәуір күні Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернат базасында тарих пәні мұғалімдерінің бірінші республикалық съезі жұмысының қорытындысы бойынша «Мектептегі тарихи білім: жағдайы, мәселелері, болашағы» тарих пәні мұғалімдерінің форумы өтті. Форум жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов қатысты.

Форумға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих және Рухани жаңғыру кафедрасының аға оқытушысы Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен облыстың педагогтер шақырылды.

Форум барысында пленарлық отырыс өткізіліп, төрт бағыт бойынша секция жұмысы жүргізілді:

1. Мектептегі тарихи білім берудің мазмұны.

2. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау.

3. Заманауи білім беру технологиялары.

4. Педагогтің кәсіби шеберлігі-сапалы білімнің негізі.  

Пленарлық отырыста педагогтер өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті: Зеренді ауданы Елікті ауылының жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бельгибаева Нұргүл Тезекбайқызы мектепте тарихты оқыту мәселелерін айтты; Абай атындағы дарынды балаларға арналған (қазақ тілінде оқытатын) №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл ғылыми-жобалық зерттеулерді ұйымдастырудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті; Астрахан ауданы Петровка ауылының жалпы білім беретін мектебінің тарих мұғалімі Ищанова Зарина Тайпаковна тарих сабақтарында киножобаны пайдалану идеясын ұсынды.

Білім сапасы мұғалімнің кәсіби дайындығы мен біліктілігіне байланысты. Заманауи мектептегі білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушыларды тарихи білімді тез меңгеруге және өңдеуге дайындау болып табылады және педагогтің құзыреттілігі мен өзін-өзі жетілдіру деңгейі шешуші рөл атқарады. Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, тарих пәні мұғалімдерінің облыстық және республикалық іс-шараларға қатысу үлесі тиісті деңгейде емес.

Осыған байланысты Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлы облыстық оқу-әдістемелік кабинетіне тарих пәні мұғалімдері қауымдастығының қызметін жандандыру, облыстық деңгейде мұғалімдердің жұмыс тәжірибесін жинақтау және тарату жөніндегі жұмысты жалғастыру бойынша тапсырма берді.

Просмотров: 357


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст