«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің жұмыс тәжірибесінен «Заманауи дәстүрлі емес сурет салу техникасы» облыстық сырттай шеберлік сағаты конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты: заманауи дәстүрлі емес сурет салу әдістері арқылы білім беру процесінде көркемдік және эстетикалық бағытты дамыту, педагогтердің үздік тәжірибесін анықтау және тарату.
Конкурсқа Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтері қатысты.
Облыстық (сырттай) конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған Атбасар ауданы «Алтын бесік» балабақшасының бейнелеу өнерінің оқытушысы Назальнова Евгения Ивановнаның материалдары республикалық шеберлік сағаты (сырттай) конкурсына жіберілді.
Республикалық конкурстың қорытындысы бойынша Назальнова Евгения Ивановна III орынға ие болды.
Жеңімпазымызды құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!