2022 жылғы 29 сәуір күні Ақкөл қаласының Жайық Бектұров атындағы № 3 Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебінің базасында инновациялық даму арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзекті тақырыбына арналған Ақмола облысының жаңашыл педагогтерінің «Білім беру-инновациялық даму аумағы» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференция облысымыздың жаңашыл педагогтерінің инновациялық тәжірибесін тарату аясында өткізілді. Бұл педагогтер облыстық және республикалық деңгейде шығармашылық жетістіктері бар мектептердің мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері болып табылады.
Конференцияның төрт бағытта өткен секция жұмысына облыстық және аудандық оқу-әдістемелік кабинеттердің әдіскерлері, жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы мектеп директорлары мен орынбасарлары, балабақша меңгерушілері, әдіскерлері мен тәрбиешілері, педагогтер қатысты. Жалпы 100-ден астам педагог қатысты.
Педагогтермен білім беру практикасындағы инновациялық процесті ұйымдастыру және мектептің дамуына басшылық ету жөнінде өзекті мәселелер талқыланды. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірленді және Ақмола облысы педагогтерінің инновациялық педагогикалық тәжірибесін зерделеу бойынша жұмысты одан әрі дамыту перспективалары анықталды.