«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Балалық шағымның шуақты биі» облыстық (сырттай) би байқауын өткізу туралы ЕРЕЖЕ

13.05.2022

 Жалпы ережелер

1.1. Осы Ереже меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың барлық типтері мен түрлерінің мектепке дейінгі жастағы балалары арасында республикалық (сырттай) «Балалық шағымның шуақты биі» би байқауын ұйымдастыру тәртібі мен өткізу шарттарын айқындайды.

1.2. Байқау «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-нің  2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

1.3. Мақсаты: балаларды шығармашылыққа баули отырып тәрбиелеу, мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау көрсету.

1.4. Міндеттері:

- балалардың би-орындаушылық, вокалдық, театрлық шеберлігі, хореографиялық қабілеттері саласындағы көркемдік дарындылықты дамыту;

- ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, өз халқының және басқа ұлт халықтарының мәдени мұрасына ұқыпты қарау;

- балалардың көркемдік және орындаушылық деңгейін арттыру және дамыту;

- қатысушылардың шығармашылық жетістіктерімен және тәжірибесімен алмасу.

2. Байқаудың ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары

2.1. Байқаудың ұйымдастырушылары «Балаларды ерте дамыту институты» РММ, облыстық, Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ,  аудандық/қалалық білім бөлімдері болып табылады.

2.2. Байқаудың I және II кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу үшін Ережеде аудандық және қалалық білім басқармаларының байланыс телефондары мен электрондық пошталарын көрсету қажет.

2.3. Байқау үш кезеңде өткізіледі:

1-ші – аудандық (қалалық);

2-ші – облыстық;

3-ші – республикалық.

 

2.4. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін барлық кезеңдерде қазылар алқасының құқықтары берілген байқау комиссиясы құрылады.

2.5. Байқау комиссиясының құрамы хореография саласындағы жетекші мамандардан, әдіскерлерден, мектепке дейінгі білім беруге жетекшілік ететін білім басқармасының өкілдерінен, ата-аналар қоғамдастығының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және т. б. құрылады.

2.6. Байқау комиссиясының мүшелері ұсынылған материалдарды зерделейді, байқаудың келесі кезеңдеріне қатысу үшін жеңімпаздарды анықтайды.

2.7. Байқау комиссиясының мүшелері:

- әр номинацияда орындардың қайталануына жол беруге;

- лайықты үміткерлер болмаған жағдайда, жүлделі орындар бермеуге;

-техникалық ақауларға байланысты (қатысушы тарапынан) көрсетілмейтін (ойнатылмайтын) бейнематериалдарды қарамауға;

-ұзақтығы осы Ережеде белгіленген уақыттан асатын бейнематериалдарды қарамауға құқығы бар.

2.8. Байқаудың облыс кезеңінің қатысушыларын тіркеу үшін білім басқармалары келесі байқау материалдарды ұсынады:

1)аудандық, қалалық білім басқармаларының ілеспе хаты;

2) қоса берілген нысанға сәйкес байқауға қатысуға өтінім (1-қосымша);

3) бейнеролик, ұзақтығы 3 минуттан аспайтын;

4)екінші кезеңнің қорытындылары бойынша аудандық, қалалық басқармалары байқау комиссиясының хаттамасы (сканерленген нұсқа, pdf форматта).

2.9. Материалдар «Балалық шағымның шуақты биі» байқауының атауымен 2022 жылғы «19» мамырдан кешіктірмей do_umk@mail.ru электрондық поштаға жіберіледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен материалдар қаралмайды, сондай-ақ қайтарылмайды.

3. Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар және шарттары

3.1. Байқау мектеп жасына дейінгі ересек және мектепалды даярлық топтары мен сыныптарының би ұжымдары арасында өткізіледі.

3.2. Байқау нөмірлерін ұзақтығы 3 минуттан аспайтын кез-келген тақырыпта, әртүрлі бағыттар мен стильдерде ұсынылуы мүмкін.

3.3. Байқау кезінде түсірілген бейнежазбаларға, оларды таратуға, сондай-ақ трансляциялауға (оның ішінде Интернет желісінде) барлық құқықтар байқаудың ұйымдастыру комитетіне тиесілі, әдістемелік мақсаттарда пайдалануы мүмкін.

3.4. Байқауға қатысушының өтінімі осы Ереженің шарттарын толық қабылдайтындығының, байқау өткізу шеңберінде дербес деректерді өңдеуге келісім беретіндігінің дәлелі болып табылады.

4. Бағалау критерийлері

4.1. Байқау келесі критерийлер бойынша бағаланады:

- қимылдарды орындау техникасы;

- синхрондылық;

- нөмірдің композициялық құрылысы және оның баланың жасына сәйкестігі;

- музыкалық және хореографиялық материалдарды іріктеу және олардың сәйкестігі;

- сахна мәдениеті (пластика, костюм, реквизит, орындау мәдениеті);

- әртістік, көркем образды ашу.

5. Бейнематериалдарға қойылатын талаптар:

5.1. Байқау бейнежазбасы келесі талаптарға сай болуға тиіс:

- түсіру кәсіби, сапалы, бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай орындалуы тиіс (нөмірдің басынан аяғына дейін);

- бейнежазба MPEG-4 форматында қабылданады;

- әрбір файлдың көлемі 300 Мб артық емес;

- байқауға қатысушының сөйлеген бейнефайлында қатысушы туралы ақпарат болуы тиіс (Т.А. Ә., жасы, атауы).

6. Қорытынды шығару, жеңімпаздарды марапаттау

6.1. Облыстық «Балалық шағымның шуақты биі» байқауының қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жүлделі орындар белгіленді:

- «Көрермен көзайымы»;

- «Хореографиялық бейімі»;

- «Көркем орындау шеберлігі»;

- «Үздік композиция».

6.2. Байқаудың республикалық кезеңінің жеңімпаздары Институттың дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталады. «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ сайтында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

 

 

Анықтама телефоны: 8 (7162) 40-12-36

1-қосымша

 

 

 

_________________________________облысынан

 

«Балалық шағымның шуақты биі»

республикалық би байқауына қатысу

өтінімі

 

Би ұжымының атауы

 

Жасы

 

Педагогтің аты-жөні (хореография басшысы)

 

МДҰ-ның толық атауы (Жарғыға сәйкес мектепке дейінгі ұйымның атауы)

 

Хореография жанры (халық биі, Классикалық би, джаз-балет, Заманауи би, Халықтық-стильдендірілген және басқа да би бағыттары)

 

Педагогтің байланыс телефоны (хореография басшысы)

 

 

Өтінімді толтыру күні  «____» __________ 2022 ж. 

 

 

 

 

 

Просмотров: 435


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст