2019 жылғы 15 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында тамыз конференциясы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен «Үш тілде оқыту: тәжірибесі және жетістіктері» атты жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқытатын педагогикалық қызметкерлердің республикалық тақырыптық алаңы ұйымдастырылды.
Өткізу мақсаты-ағылшын тілінде пәндерді оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды енгізу ерекшеліктерімен және талаптарымен таныстыру, мұғалімнің жұмысына әдістемелік қолдау көрсету құралы ретінде пәндерді ағылшын тілінде оқытатын алдыңғы қатарлы мектептер мен мұғалімдердің желілік қоғамдастығының тәжірибесімен алмасу үшін мұғалімдердің диалог алаңын құру.
Іс-шараның спикерлері «Білім-инновация» халықаралық қорының педагогтары, «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС менторлық бойынша жаттықтырушылары мен үйлестірушілері, «NURORDA» мектеп-лицейінің, «Білім-инновация» лицей-интернаттардың, «Silk Way» мектебінің және басқа да білім беру ұйымдарының педагогтары болды.
Тақырыптық алаңда келесі сұрақтар талқыланды:
Іс-шараның ұйымдастырушысы «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» халықаралық қоры.