«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру үдерісіне қатысушыларды әдістемелік сүйемелдеудің тиімділігі» әдістемелік семинары

25.05.2022

Бүгінгі таңда жоғары білікті,  шығармашылықпен жұмыс істейтін, қабілетті  педагогқа сұраныс артып келеді. Педагогтің кәсіби  қалыптасуында білім беру ұйымының әдістемелік қызметі маңызды рөл атқарады. Дұрыс және жүйелі ұйымдастырылған әдістемелік сүйемелдеу педагогтің кәсіби өсуіне, педагогикалық құзыреттілігін дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді.

2022 жылғы 24 мамырда Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде семинар өтті. Семинарда  колледж әдіскерлері білім беру үдерісінде педагогтерді әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады.

Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау, бейнесабақтарды әзірлеу, электрондық портфолио құру, авторлық мақала, эссе жазу, басқа да көптеген тақырыптарға колледж педагогтері Д.У. Қожахметова, Т.М. Жоламанова, Н.В. Лузгарева, Э. Б. Куланова, Н. К. Оспанова, Ж. Асанова, Серік Әбілқайыр сөз сөйледі.

Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері С. С. Сералина,               С. Б. Жұмажанова әдістемелік қызметтің негізгі мәселелері туралы айтып берді.

Семинар аясында жетекші колледждерге экскурсия ұйымдастырылып, ұйымшылдыққа және команда құруға арналған тренинг өткізілді.

Фокус-топтар форматында өткен семинар қорытындысы бойынша түйіндеме жасалды: тиімді ұйымдастырылған әдістемелік сүйемелдеудің нәтижесі білім беру үдерісінің сапасын арттыру болып табылады.

 

Просмотров: 532


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст