«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу: демонстрациялық емтихан форматында қорытынды аттестаттау

09.06.2022

2022 жылғы 7 маусымда Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжінде Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» КММ-нің ұйымдастыруымен «Білім беру процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу: демонстрациялық емтихан форматында қорытынды аттестаттау» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар барысында облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері А.А. Нурмаганбетова семинарға қатысушыларды WorldSkills стандарттарын білім беру үдерісіне енгізуі туралы айтып өтті.Көкшетау қаласы құрылыс-технологиялық колледжінің өндірістік оқыту шебері Б. М. Құсайынова демонстрациялық емтихан бойынша тапсырмаларды әзірлеу тәжірибесімен бөлісті.

Практикалық бөлімде Көкшетау қаласы жоғары техникалық колледжі басшысының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары В. В. Гапеев демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін, CIS бағалау жүйесін түсіндірді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Просмотров: 365


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст