🔷11 тамыз күні сағат 9:00-де республикалық Тамыз конференциясы аясында «Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептердің білім алушылары үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбында панельдік секция өтеді.
▪️Панельдік сессия жұмысы 2 кезеңнен тұрады: секциялар және пленарлық отырыс. Пленарлық отырыс 14:00-де басталады.
Шағын жинақты ауыл мектептеріндегі оқушылардың білім сапасын арттыру, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру, сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту мәселелері талқыланады.
🔺Секция бағдарламасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар: https://uba.edu.kz/qaz/info/2
🔺Пленарлық отырыс сағат 14:00-де ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Facebook-парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі: https://www.facebook.com/oquagartuministrligi/live_videos