«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру» республикалық оқу-әдістемелік кеңес

18.10.2019

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Ақтөбе және Батыс-Қазақстан облыстарының білім басқармасы 2019 жылғы 17-18 қазан күндері Ақтөбе  қаласында «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру» атты  республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұйымдастырды.

Кеңес қатысушылары: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының республикалық әдістемелік кеңесінің мүшелері (облыстық, аудандық/қалалық оқу-әдістемелік кабинеттерінің жетекшілері мен меңгерушілері), Ақтөбе қаласы және Батыс-Қазақстан облысының білім  басшылары мен әдіскерлері, республикалық педагогикалық шеберлік орталығының мамандары.   Барлығы 200 адам құрайды.

Әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты - республика әдіскерлерінің педагогикалық білімі мен шеберлігінің деңгейін арттыру, білім орындарын тиімді басқару және сапалы білім беру.

Пленарлық отырысын Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің вице-министрі Шолпан Танатқызы Каринова ашып,  кеңес қатысушыларына нәтижелі жұмыс жүргізуге рух берді.   Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Марат Лұқпанұлы Токжанов,  Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жанбол Жылбаев баяндама жасады.

 Кеңестің сессиялық жұмысы үш бағыты бойынша жүргізілді:   «Білім беру ұйымдарының ақпараттық білім кеңестігі – педагогикалық ұжымның кәсіби қалыптасуының аймағы», «Ақтөбе қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруды ұйымдастыру», «Заманауи мектепті басқару моделі, білім беру мекемесінің даму стратегиясы».

Педагогикалық шеберлігі  орталығының мамандары   үш бағытта секциялық  жұмыс ұйымдастырды. Секция отырыстарында критериалды бағалаудың ерекшеліктері, формативті шеңберіндегі сабақтарды талдау, тоқсан бойынша сумативті бағалау сипаттамасы.

Жұмыс қорытындысы бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңес мектептер саласындағы  сұрақтарды қозғады. Мектеп директорлар кеңесінің жұмысын  күшейтіп,  мектеп менеджментінің тиімді жолдары туралы ауқымды ұсыныстар берілді.

Просмотров: 649


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст