«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл мектептері мен шағын жинақталған мектептердің білім алушылары үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету

14.08.2022

2022 жылғы 11 тамызда Нұр-сұлтан қаласының №85 мектеп-лицейінде "Ауыл мектептері мен шағын жинақталған мектептердің білім алушылары үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету" тақырыбында республикалық секциясының отырысы өтті. Секция жұмысына облыстан 38 білім беру қызметкері мен 70 педагог қатысты. Қатысушыларға Ақкөл, Бурабай, Ерейментау, Сандықтау, Шортанды аудандарының тірек мектептерінің көрмесі ұсынылды.

Секцияның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасының  Оқу-ағарту министрі Асхат Айтмағамбетов қатысып, қатысушылардың шағын жинақты мектептерге қатысты қойған сұрақтарына жауап берді, әсіресе жаңа оқу жылында басталатын "Тірек мектеп – магниттік мектептер" пилоттық жобасы белсенді талқыланды.

Іс-шара соңында 5 фасилитацияда айтылған қатысушылардың пікірлері талданып, ұтымды ұсыныстары қабылданды.

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст