2022 жылғы 14 қазан күні онлайн режимінде «Жалпы білім беретін мектепте педагог-ассистент қызметінің мазмұны» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинар жұмысына инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша ресурстық орталықтар мен тірек ұйымдардың мамандары мен үйлестірушілері, жалпы білім беретін мектептердің педагог-ассистенттері қатысты.
Семинарға инклюзивті және арнайы білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының маманы Е. В. Егорова шақырылды. Ол «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды педагог-ассистентпен сүйемелдеу» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинар барысында инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинетінде, жалпы білім беру ортасында педагог-ассистенттің жұмысын ұйымдастыру және педагог-ассистенттің құжаттамасы туралы мәселелер талқыланды.