Облыстық химия және биология пәні мұғалімдері қауымдастығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 24-28 қазан аралығында Ақмола облысы химия және биология пәні мұғалімдері қауымдастығының үздік логотипіне сырттай байқау өткізілді. Байқауға Есіл, Бурабай, Жақсы және Атбасар аудандарының педагогтері қатысты.
Логотипте Ақмола облысының химия және биология пәні мұғалімдері қауымдастығының қызметі көрсетілуі тиіс. Логотиптің эскизі оны әр түрлі материалдарда одан әрі бейнелеуді ескере отырып жасалуы керек. Логотипке қысқаша ақпарат (суреттің сипаттамасы және оның рәміздерінің негіздемесі) қоса беріледі.
Байқауға ұсынылған жұмыстардың үздіктерін анықтау үшін конкурстың сараптамалық комиссиясы құрылды. Аталған байқаудың жеңімпазы болып «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Московский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің химия және биология пәні мұғалімі Холод Наталья Александровна таңылды.
Сараптамалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша жеңімпаз логотип Ақмола облысының химия және биология пәні мұғалімдері қауымдастығының негізі ретінде қабылданды және қауымдастықтың барлық құжаттамасына орналастырылатын болады.