«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Облыстың 5 педагогы «Үздік педагог» атағына ие болды

04.11.2022

2022 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйесінде «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурсқа облыстың мемлекеттік білім беру ұйымдарының 112 педагогы қатысты.

Конкурсқа қатысушы педагогтер өздерінің конкурстық материалдарын министрліктің ақпараттық жүйесіне жүктеді. Оның ішінде педагогтың портфолиосы, бейнесабағы, «Озық педагогикалық тәжірибені трансляциялау» бейнеролигі және эссе бар.

«Биыл «Үздік педагог» дәстүрлі сайысы алғаш рет жаңа форматта өткізіліп отыр. Оның ерекшелігі үміткердің жұмысын өңірлік комиссияның барлық мүшелері жеке және бір-біріне тәуелсіз бағалады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылып республикалық кезеңге қатысу үшін келесі педагогтардың жұмыстары жолданды:

1.Бейсембина Айнагуль Елемесовна, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ, арнайы пәндер оқытушысы;

2.Байганат Ризагул, «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының IT мектеп-лицейі» КММ, математика пәні мұғалімі;

3.Азаматова Светлана Алексеевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы білім бөлімі Макинск қаласының мектеп-гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;

4.Сейдахметова Гульжазира Имангазиевна, «Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, биология пәні мұғалімі;

5. Дюбкина Марина Эдуардовна, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Атбасар қаласының «Еркежан» бөбекжайы» МКҚК, логопед – дефектологі.

Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңіс тілейміз!

Просмотров: 705


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст