«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Көкшетауда ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалармен кәсіптік бағдарлау жұмысы мәселелері бойынша Бірінші аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

29.11.2019

 

2019 жылғы 29 қараша күні  «АРНАЙЫ ҰЙЫМДАР МЕН ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН  КӘСІПТІК  БАҒДАРЛАУ  ЖҰМЫСЫ  МӘСЕЛЕЛЕРІНДЕГІ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ» атты Бірінші аймақаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 
Бірінші аймақаралық ғылыми-практикалық конференция  Ақмола облысының білім басқармасы  Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесімен, облыстық оқу-әдістемелік кабинетімен, Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығымен бірлесе отырып ұйымдастырды.  
Конференцияның модераторы Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі Үйлестіру кеңесінің төрағасы, саяси ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің  құрметті  қызметкері Ибраев Марат Өмірбайұлы болды. Қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Дүйсенова Ботакөз Балапайқызы құттықтау сөзін сөйледі. Конференцияның пленарлық бөлімінде ҚР БҒМ ТжКБ департаментінің бас сарапшысы М.О. Жұмабекова; «Кәсіпқор» Холдингі ТжКБ мазмұнын жаңарту департаментінің бас менеджері; Ы.Алтынсарин  атындағы Ұлттық білім академиясының инклюзивті білім беруді дамыту  орталығының директоры              С.К.Исмагулова; Ақмола облысы бойынша «Өрлеу» филиалының директоры Н.М. Стукаленко ; әлеуметтік және жас ерекшелік педагогикасы және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. А.А.Шаяхметова; ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректордың орынбасары, пед. к.ғ.д., профессор Д.В.Лепешев; Нұр-Сұлтан қ.,«Sinergi» ғылыми-білім беру қорының басшысы А.Т.Нысанов; «БЛЭК» ЖШС атқарушы директоры  Р.Ю. Никитенко; Көкшетау қ. құрылыс-техникалық колледжінің түлегі ,«БЛЭК» ЖШС-нің ағаш кесушісі А. Филонов сөз сөйледі.
Конференцияға арнайы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері (арнайы мектеп-интернаттар, ПМПК, ППТК); инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек жалпы білім беретін мектептер; ТжКБ ұйымдары мен жоғары оқу орындары; «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты; облыстық, аудандық / қалалық білім басқармалары мен бөлімдерінің, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласының әдістемелік кабинеттерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Пленарлық бөлімнен кейін қатысушылар секцияларға бөлінді. Секциялық отырыстар инклюзивті тәжірибелерді енгізу бойынша тірек болып табылатын Көкшетау қ. № 1, № 4 облыстық арнайы мектептер базасында; Көкшетау қ. № 1 құрылыс-техникалық колледжде; Красный Яр а. № 3 агротехникалық колледжде өтті.
Конференцияның мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды (тұлғаларды) кәсіптік бағдарлау мәселелерінде арнайы білім беру ұйымдары мен ТжКБ ұйымдарының бірлескен қызметін талқылау бойынша диалогтық алаң құру болып табылды.
Просмотров: 621


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст