Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылғы 10 желтоқсан күні № 2 ОМГ базасында «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңес өткізілді.
Әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты: педагогикалық ұжымдардың білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінің қызметін үйлестіру: білім беру мазмұнын жаңарту мәселелері бойынша жұмыстың негізгі бағыттары; басқару және оқу - тәрбие қызметінің тиімділігін арттыру.
Ақмола облысы білім басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс мамандары, дарынды балалармен жұмыс жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының директоры, облыстық дене шынықтыру, спорт және АӘТД оқу-әдістемелік орталығының директоры, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, колледж әдіскерлері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері, жалпы білім беретін мектептердің педагогтары, Көкшетау қаласы НЗМ «Педагогикалық шеберлік орталығы» АҚ педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау бөлімінің аға менеджерлері, Көкшетау қаласындағы «Келешек –2030» баспа үйінің директорлар кеңесінің төрайымы Бексултанова Кукаршин Нурмагамбетовна қатысты.
Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Баймакова Жанаргүл Даулетқызы кеңесті ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.
Кеңестің пленарлық бөлімінде мектеп директоры Г. Абдыкасымова мен мектеп мұғалімдері О.Кремер мен Л.Ибраеваның «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын мектеп-лицейдің оқу-тәрбие қызметіне кіріктіру» жобасын ұсынды. Сонымен қатар «Ақмола облысының педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау мәселелері», «Бағалау бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жүйесі», «Кәсіптік бағдар беру жұмысының өзекті мәселелері», «Дарынды балалармен жұмыс жүйесі», «Бастапқы әскери технологиялық дайындық» пәні бойынша құжаттаманы жүргізу» тақырыптары қарастырылды.
«Келешек -2030» баспа үйінің директорлар кеңесінің төрайымы Бексұлтанова К.Н. кеңес қатысушыларын әзірленген оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен таныстырып, мұғалімдерді өзара ынтымақтастыққа шақырды.
Кеңестің негізгі жұмысы екі бағыт бойынша ұйымдастырылды: колледж әдіскерлерінің секциясы және облыстың аудандық және қалалық әдістемелік кеңестері меңгерушілерінің секциясы.
Колледж әдіскерлерінің секциясында «WorldSkills кәсіби шеберлік чемпионатына дайындық кезіндегі әдіскердің рөлі», «2020 жыл – техникалық және кәсіптік білім берудегі жаңартылған мазмұн: енгізу, дайындық жолдары», «Сабақтан тыс уақытта зерттеу қызметін ұйымдастыру технологиясы» сияқты мәселелер талқыланды.
Облыстың аудандық және қалалық әдістемелік кабинеттері меңгерушілерінің секциясында мектепішілік бақылаудың өзекті мәселелері, сабақтан тыс уақытта зерттеу қызметін ұйымдастыру технологиясы, білім берудегі заманауи үрдістер қаралды.
Әдістемелік кеңес жұмысының соңында ұсынымдар қабылданды. Барлық қатысушылар ақпараттық-үлестірмелі материалдар алып, өткізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша Алғыс хаттармен марапатталды.