02.02.2023
Семинар – бұл тәжірибелі колледж оқытушыларының практикалық жұмысының үздік нәтижелерімен бөлісу және ақпарат алмасу мүмкіндігі. Дәл осы мақсатта 2023 жылдың 1 ақпанында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі базасында өткен колледждердің жетекші педагогтарының «Шеберлік мозаикасы» семинар-практикумы өтті.
Семинарда «Үздік педагог» атағының иегерлері, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, жетекші педагогтардың ғылыми-әдістемелік баяндамалары тыңдалды. Семинар барысында әріптестер өзекті мәселелер бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті: ғылымиметриялық көрсеткіш кәсіби даярлықтың негізі ретінде, WorldSkills стандарттарын білім беру бағдарламасына енгізу, оқу сабақтарында сыни және шығармашылық ойлауды дамыту, міндеттерді шешуді оқыту әдістемесі, педагогтардың кәсіби дамуының Lesson Study және Action Research тиімді құралдарын қолдану бойынша мәселелерді талқылады. 2022 жылғы «Үздік педагог» атағының иегері, педагог-шебер, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Е. Бейсембина, «Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясы» атты үлгі сабағын ұсынды.
Семинар соңында пікір алмасу өтті. Тыңдалған баяндамалар мен ашық сабаққа қатысу нәтижелері бойынша алынған тәжірибенің практикалық маңыздылығы, оның өзектілігі, алған білімдерін кәсіби қызметте пайдалануға дайындығы туралы оң пікірлер айтылды.
Семинар жұмысына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері, оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.