Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу - әдістемелік кабинеті» КММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 03 ақпан күні «BOLASHAK SARAIY» балалар мен жасөспірімдер сарайында «Білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметінің жұмысын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында облыстық әдістемелік кеңес отырысы өтті.
Әдістемелік кеңес жұмысына Ақмола облысының аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің меңгерушілері, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскерлері қатысты.
Модератор ретінде облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің директоры Құрманғалиева Ләззат Сұрағанқызы сөз сөйледі.
Облыстық әдістемелік кеңес отырысында білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі мәселелер айқындалды.
Жұмыс қорытындысы бойынша әдістемелік кеңестің ұсынымдары талқыланып, бекітілді.