«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының қорытындысы

27.02.2023

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістердің негізгі фигурасы ретінде мұғалімнің жеке басына жоғары талаптар қойылады, осыған байланысты педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал ететін жұмыс формалары мен әдістеріне үнемі іздеу жүреді. Осыған байланысты педагогикалық шеберлік конкурсын педагогтардың кәсібилігін арттыру кезеңдерінің бірі, қалың жұртшылыққа, кәсіби қоғамдастыққа мәлімдеме жасау мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

2023 жылғы 22-24 ақпан аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы «Білім беру» сала бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті.

Конкурсқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, сондай-ақ республиканың 16 облысының жалпы білім беретін және арнайы пәндерінің 36 педагогы қатысты.

Конкурсқа қатысушылар 4 модуль бойынша теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби дағдыларын көрсетті.

Педагогтер білім беру процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру үшін заманауи мультимедиялық технологияларды, World Skills стандарттарын, оқытудың, тәрбиелеудің белсенді нысандары мен әдістерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.

Конкурс қорытындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Жалпы білім беретін  пәндер бойынша:

Бас жүлде - Ташенова Айжан Кадырбаевна, Ақмола облысы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;

1 орын – Седова Анастасия Викторовна, Қарағанды облысы, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі;

2 орын – Тастемирова Назипа Эксановна, Павлодар облысы, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі;

3 орын – Салихова Ботагоз Уринбасаровна, Алматы қаласы.

Педагогикалық мамандықтар бойынша:

  Бас жүлде – Редько Надежда Сергеевна, Ақмола облысы, Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі;

1 орын – Нұрғабылова Жаннұр Нұрғабылқызы, Атырау облысы, Каспий өңірінің қазіргі заманғы жоғары колледжі;

2 орын – Атыгаева Жания Еркынкызы, Павлодар облысы, Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі;

3 орын – Шалапова Гулнур Набихановна, Қызылорда облысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі.

 

 

«Шығармашыл педагог», «ІТ құзыретті педагог», «Креативті педагог», «Ізденімпаз педагог»,  «Тапқыр педагог» номинациялар бойынша анықталды:

Жумкина Дидар Боранкуловна, Қарағанды облысы, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі;

Оразова Гулхашима Куандыковна, Қостанай облысы, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі;

Кәдірғалиев Базарғали Әбуғалиұлы, Батыс Қазақстан облысы, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі;

Нурланова Айгерим Куандыковна, Абай облысы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі;

Ниетбаева Кабира Туремуратовна, Ақтөбе облысы, Ақтөбе гуманитарлық колледжі;

Мендибаева Мулдир Болатбековна, Қызылорда облысы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі;

Нурпеисова Еркеш Болатбековна, Абай облысы, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі;

Тасжанова Меруерт Джаксылыковна, Маңғыстау облысы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжі;

Аташов Сержан Кулдыракович, Түркістан облысы, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжі.

Жеңімпаздарды, жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтаймыз және одан әрі жеңістер тілейміз!

 

Просмотров: 834


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст