Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ағымдағы жылдың 28 ақпан күні облыстық мектепке дейінгі ұйымдар арасында тәрбиенушілерді мемлекеттік
тілді белсене қолдана отырып, қазақ халқының патриоттық, мәдени – тарихи дәстүрлеріне, әдеп – ғұрыптарына баули отырып, танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттері мен адамгершілік құндылықтарын дамытуға ықпал ету мақсатында «Ана, әже және мен» байқауы өткізілді. Байқауға 11 аудан мен 2 қаладан 14 мектепке дейінгі ұйым қатысты.
Конкурстық комиссия жұмысының қортындысы бойынша жеңімпаздар төмендегідей анықталды:
1 орын – Жанар Гүлім 6 жаста, жауапты педагог: Жамшитова Алуа Багдатовна, Жақсы ауданы Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің жанындағы шағын орталық.
2 орын – Хамит Диана 5 жаста, жауапты педагог: Жуманова Айгерім Рашидқызы, Бурабай ауданы «Щучинск қаласының № 10 мектеп - интернаты» жанындағы «Шұғыла» шағын орталығы.
3 орын – Казбекова Аруай 5 жаста, жауапты педагог: Калжанова Елизавета Абдирахманова, Бощанова Гульнур Жумагалиевна, Көкшетау қаласының «Zerek» бөбекжайы.
Барлық конкурс қатысушыларына алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
/public/files/2023/3/1/010323_163324_ghanar-gulim-1-oryn.mp4
/public/files/2023/3/1/010323_163913_hamit-diana-2-oryn.mp4
/public/files/2023/3/1/010323_164156_kazbekova-aruay-3-oryn.mp4