2023 жылғы 1 наурызда Ақтөбе қаласында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаевтің қатысуымен «Шағын жинақты мектептерде сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету» тақырыбында республикалық семинар –кеңес өтті. Ақмола облысынан 7 адам қатысты.
Кеңесте шағын жинақты мектептерде білім беру сапасын біріздендіру, педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу, оқыту сапасын жетілдіру үшін қаланың табысты мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Ақтөбе облысында енгізілген "БІЛІМ - ALL" жобасын енгізу мәселесі қаралды.
Бұл жобаның өзектілігі қалалық және ауылдық мектептер арасындағы оқыту сапасындағы алшақтықты қысқарту қажеттілігінде (алшақтық 15% - құрайды, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары тек 9% - ы ШЖМ оқушылары болып табылады); өңір мектептерінің басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан (282 ауылдық мектеп -70%).
Осыған байланысты, Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев пленарлық отырыста келесі мәселелерге назар аударды:
1."БІЛІМ - ALL" жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде енгізілуі;
2. Республикалық олимпиаданы ШЖМ үшін бөлек өткізуі;
3.2023 жылдың соңына қарай барлық ШЖМ жылдам интернетпен қамтамасыз етілуі;
4.Ақтөбе облысы ШЖМ бойынша барлық бастамаларға басшылық алуы;
5.ШЖМ оқушылары үшін ҰБТ онлайн өткізілуі;
6.Тірек және магниттік мектептер үшін тиісті типтік бағдарлама жасалуы;
7.Ауылдық мектептерде толық жөндеу жүргізуі;
8.ШЖМ педагогтері үшін пәндер бойынша халықаралық мамандандыру жоспарлануы жөнінде;
9.ШЖМ ескере отырып, «Өрлеу» біліктілікті арттыру курстарын трансформациялауды жүргізуі.
Секциялық жұмыс ЖМБ және ағылшын тілі пәндері бойынша жүргізілді. Семинар - кеңес аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар облыстың оқу орындары мен мұражайларына түрлі экскурсиялар ұйымдастырды.