«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдістемелік идеялар марафоны

30.03.2023

Әдістемелік идеялар марафоны

2023 жылдың наурыз айында "Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы" КММ ұйымдастырған Ақмола облысының орыс және ағылшын тілдерінің педагог –шеберлері Әдістемелік идеялар марафонын жалғастырды.

Бұл іс-шараның мақсаты-педагог-шеберлердің жұмыс тәжірибесінен үздік әдістемелік идеяларды тарату.

Марафон аясында ағылшын және орыс тілдері пәндерінің педагог-шеберлері шеберлік сыныптарын, коучингтерді, оқыту семинарларын және панельдік пікірталастарды өткізу арқылы тиімді педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

  • "Орыс тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру" - Клышпекова Гүлнара Амантайқызы, ""Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімі Урюпинка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • "Орыс тілі сабақтарында сараланған оқыту" - Жұмабекова Құралай Орынбайқызы, Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" Лицей-интернаты" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • "Орыс тілі сабақтарында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері мен тәсілдері" - Дүйсенова Әсия Перменқұлқызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының мектеп-лицейі" КММ орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • "Жоба оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту құралы ретінде" - Асабаева Зульфия Талиповна, " Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі"КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • "Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін қолдану" - Светова Светлана Викторовна, "Ақмола облысы білім басқармасының Біржан сал ауданы бойынша білім бөлімі Андықожа батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
  • "Блум таксономиясын орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ойлаудың жоғары деңгейін қалыптастыру құралы ретінде қолдану" - Жакенова Гүлмира Дулатбекқызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  • "Білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы ойын технологияларының мүмкіндіктері" - Айтмағамбетова Құлжан Өмірзаққызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
  • "Ағылшын тілін қашықтықтан және офлайн форматта оқытуда лексикалық тәсілді қолдану" - Кинцель Наталья Васильевна, "Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
  • "Оқушылардың әлеуметтік - мәдени құзыреттілігін қалыптастыру шет тілін табысты меңгерудің кепілі ретінде" - Мұсаипова Әлия Қайыркенқызы, "Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының №1 мектеп-гимназиясы" КММ ағылшын тілі мұғалімі.
  • "Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту факторы ретінде сыни ойлауды қалыптастыру" - Берегенько Лариса Францевна, " "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі мұғалімі.

Марафонға 200-ден астам педагог қатысты.

Просмотров: 508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст