Кәсіби шеберлік конкурстары педагогтардың кәсібилігін арттыру құралдарының бірі екені жасырын емес. Олар мұғалімдердің кәсіби дамуы, инновациялық тәжірибені тарату үшін қолайлы мотивациялық орта жасайды, кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал етеді.
Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтар үшін – «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы», «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы», «Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» конкурстарының қорытындылары шықты.
«Арнайы білім беру ұйымының үздік педагогы» республикалық конкурсының «Арнаулы мектеп оқушыларын психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясы бойынша Көкшетау қаласының № 4 облыстық арнаулы мектеп-интернатының логопед-мұғалімі Зияш Қайырбекқызы Тәжібаева жеңімпаз атанды
– «Үздік арнайы мектеп мұғалімі» номинациясында-Бугунтаева Гүлнар Нариманқызы, Көкшетау қаласының № 1 облыстық арнайы мектеп-интернатының орыс тілі және сөйлеуді дамыту мұғалімі
- «Балабақшаның арнайы тобының тәрбиеленушілерін психологиялық – педагогикалық сүйемелдеудің үздік педагогы» номинациясында – Фаттахова Кристина Владимировна, Атбасар қ. «Алтын бесік» бөбекжайының логопеді
– «Арнайы мектептің үздік тәрбиешісі» номинациясында-Азкенова Әлия Амангелдіқызы, Көкшетау қаласының № 4 облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиешісі.
«Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның үздік маманы» байқауында бірінші орынды Атбасар қаласының ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының дефектологы Жұлдыз Серікқызы Байдельдинова иеленді.
Бибуллаева Жанна Тендыковна, Біржан сал ауданы Степняк қаласының № 5 ППТК логопеді «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің үздік педагогы» байқауында сөзсіз жеңіске жетті!
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары біздің облысты ағымдағы жылдың тамыз айында өтетін республикалық кезеңде ұсынады.
Құттықтаймыз! Педагогтерімізге одан да көп кәсіби жетістіктер және республикалық кезеңде тек жүлделі орындар тілейміз!