2023 жылғы 26 сәуірде Ақмола облысының педагог – шеберлерінің әдістемелік идеяларын таратудың кезекті сессиясы өтті. Химия және биология мұғалімдері өздерінің шеберлік сыныптарында кәсіби қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу үшін кеңістік ұйымдастыруға ат салысты.
Целиноград ауданының Родина ауылының жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Саетгареева Рамзия Айратқызы химия сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру туралы айтып берді. Мұғалім осы тақырыпты және оларды шешу жолдарын зерттеу кезінде проблемаларды ашты. Қошанов Серік Сүлейменұлы Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі «Биология сабақтарында ТРИЗ технологиясын қолдану» тақырыбында қызықты саяхат өткізді.
Mind Maps қолдану арқылы биология сабақтарында креативті ойлауды дамыту туралы Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі Кинцель Александр Евгеньевич баяндап берді. Марафонды Бурабай ауданының Оқжетпес ауылының жалпы білім беретін мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі Сейітова Гүлнара Байтасқызы қорытындылады. Мұғалім химияны оқыту процесінде функционалдық сауаттылықты дамыту құралы ретінде тәжірибеге бағытталған тапсырмаларды қолдану тәжірибесімен бөлісті. 2 сағаттың көлемінде облыс педагогтері сындарлы тәжірибе алмасуға қатысты.