Ағымдағы жылдың 25 тамызында әл-Фараби атындағы лицейінің базасында директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары" атты облыстық семинар өтті. Жұмысқа Зеренді ауданы, Көкшетау қаласы білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, Көкшетау қаласы колледждері директорларының орынбасарлары қатысты.
Тұтас тәрбиенің ерекшеліктері туралы Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері С.Б. Төлемісова сөз сөйледі. Тәрбие құндылықтарын пәндік мазмұн арқылы іске асыру мәселесі бойынша Көкшетау қаласының білім бөлімінің тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері С.Қ. Беккажанова сөз сөйледі. әл-Фараби атындағы лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. Қ. Жартанова тәрбие берудің біртұтас бағдарламасы және оны іске асыру жолдары туралы айтып берді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар үшін рефлексия жүргізілді 2023-2024 жылдарға арналған қызмет бағыттары бойынша жұмыс мақсаттары айқындалды.