«Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Методический центр управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингіне дайындық- облыстық семинар

03.11.2023

2023 жылғы 3 қарашада Көкшетау қаласынағы М. Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясында "Мектепте алған білімдерін объективті бағалау жүйесін қалыптастыру тәсілдерін әзірлеу жөніндегі тапсырмалар" ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын іске асыру жөніндегі жол картасы шеңберінде (Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген кеңесінің 2023 жылғы "19" сәуірдегі № 23-01-7. 3 хаттамасының 2.23-тармағы) Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығымен «Оқушылардың ғылыми-жаратылыстану, математикалық сауаттылық дағдыларын дамыту ББЖМ-не дайындығының практикалық негізі» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Ақмола облысының Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Манат Шияпұлы Әбілмаженов, Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы басшысының міндетін атқарушы Гүлнар Маликқызы Таласпаева және Зеренді, Бурабай, Сандықтау, Бұланды аудандары мен Көкшетау қаласының ғылыми-жаратылыстану  бағытындағы 120 педагог қатысты.
Семинардың негізгі идеясы - Ақмола облысы бойынша  оқушылардың білім жетістіктерін мониторингілеуге дайындау барысындағы педагогтердің тиімді стратегияларды қолдану арқылы ғылыми-жаратылыстану, математикалық сауаттылық дағдыларын қалыптастырудағы жұмыс тәжірибесімен алмасу, тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігін анықтау.
Өңір педагогтері семинар барысында өз тәжірибелерін шебер-сынып көрсету арқылы ұсынды. Семинар соңында кері байланыс жасалды.

Просмотров: 699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст