Текст
Аршалы ауданы, Аршалы кентіндегі № 2 жалпы орта мектепте «Оқушылардың құқықтары мен ар-намысын қорғау» тақырыбында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша облыстық семинар- тренинг өтті. Семинар барысында әдіскерлер, педагог- психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері мектептегі буллинг мен кибербуллингтің алдын алу жұмыстарының нысандары мен әдістерімен, аталған тақырып бойынша психологиялық қызмет мамандарының жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерімен, сондай-ақ оқушыларды әдістемелік қамтамасыз етудің жаңа жолдарымен танысты.